ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Психолог

Баймишева Айнұр Мырзабекқызы

     Білімі: жоғары – 2006ж. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті. Мамандығы:психолог, психология пәнінің оқытушысы. Еңбек өтілі: 17 жыл. Санаты: педагог психолог лауазымы бойынша «педагог-зерттеуші» (“Ақтөбе облысының білім басқармасы” ММ 30.12.2020жылғы № 276 бұйрығы, тіркеу нөмері Y4U81H). Астана қаласындағы «Отбасы тәрбиелеу институтының»  2014-жылғы түлегі. Ақтөбе облыстық әлеуметтік-психологиялық қолдау кабинетінің мобилдік топ мүшесі. 2013-2016 жылдар аралығында қалалық «Жас психологтар мектебінің» жетекшісі. «Үйлесім» ата-аналарға арналған психологиялық клубы авторлық бағдарламасының құрастырушысы. Қалалық білім беру мекемелерінде әдісемелік көмек көрсету және зерделеу жұмыстарының комиссия мүшесі.

— Жұмыс орны: 2006 жылдан бері Ақтөбе қаласы № 40 жалпы білім беретін орта мектебінде психолог қызметі.

  • Жетістіктері:

—  2023 жылы Ақтөбе қаласының білім бөлімі ұйымдастырған “Үздік психологиялық апталық-2023” байқауының қалалық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткені үшін- Бас жүлде Дипломы;

—   2023 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы Білім беру ұйымдарына арналған “Үздік психологиялық апталық-2023” облыстық байқауының жеңімпазы — І дәрежелі диплом;

—  2021 жылы “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, “Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан” Алғыс Хат;

  • 2020 жылы тамыз Ақтөбе облысының білім басқармасының Алғыс хаты;
  • 29.02.2020 www.nio.kz – Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты психология және педагогика пәнінен І-дәрежелі диплом;
  • 2020ж, 9 мамыр, Алматы қаласы «Білімгер» Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз басылымы ұйымдастырған конференцияда Үздік сабақ көрсеткені үшін – Диплом;
  • 2020ж. «Рухани жаңғыру» ақпараттық сараптамалық орталығынан Алғыс хат;
  • 2020ж. «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы ұйымдастырған «Үздік автор-2020» республикалық конкурсының «Үздік мақала»  номинациясы бойынша  І-дәрежелі диплом;
  • 2020ж.қазан. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған педагог-психологтар арасында өз пәндік олимпиадада ІІ дәрежелі диплом;
  • 2020ж,7 қазан. «Абай Құнанбаев философиясындағы білім, тәрбие және мәдениет идеялары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға мақаласы шықты,
  • 2020ж. қалалық «Рика» телеарнасына «Қолмен хат жазу», «Бала тәрбиесі», «Біз біргеміз» тақырыптарында сұқбат берді.
  • 2020 ж. республикалық «Қазақстан –Ақтөбе» телеарнасына «Шаңырақ шаттығы» тақырыбында сұқбат берді:
  • 2020ж. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығынан «Мектеп психологінің жоғары класс оқушыларымен жұмыстары» тақырыбында әдістемелік құралы баспадан жарық көрді.
  • 2020ж. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығынан «Мектеп психологінің ағартушылық жұмыстары» тақырыбында электронды ортасы басылып шықты.

28.02.2020ж.Облыстық «AKTOBE USTAZY» газетіне №3-4 (158-159) басылымында «Графология-қызықты ғылым» тақырыбында мақаласы басылып шықты.

  • — 2023 жылы тамыз, қыркүйек айларында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығынан Алғыс хат;“  
  • — 2023 жылы қараша айында Әдістемелік кабинет” КММ ұйымдастырған “Үздік психолог кабинеті
  • -2023” байқауында үздік нәтиже көрсетіп  ІІ дәрежелі диплом иленеді (№1420);
  • — 2023жылы желтоқсан айында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған “Үйлесімділік” ағартушылық жобасы аясында: “Отбасылық тәрбие стилі” тақырыбындағы облыстық семинар практикумда белсенділік танытып, өз іс- тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Ата-аналарға арналған психологиялық кеңестер

Оқушыларға арналған кеңестер


Логопед


40 Айнур Баймишева: Мектеп психологі Баймишева Айнұр Мырзабекқызы және мектептегі «Адал ұрпақ» ұйымының білім алушылары «Бала қауіпсіздігі» туралы бейнеролик түсірді

Айнур Баймишева: Баланың мектепке баруы және үйге жалғыз келуі қаншалықты қауіпсіз? Білім беру ұйымдарында балалары бар әрбір ата-ана бір рет болса да өзіне осы сұрақты қойған абзал. Сіздермен өз ұсыныстарыммен бөлісемін!!!

1. Ең қауіпсіз бағытты құрыңыз — адам көп жиналатын орындар, жарықтандырылған көшелер, басқарылатын қиылыстар! Қауіпті жерлерден аулақ болыңыз: құрылыс алаңдары, гараждар, қалың ағаштар, ескі үйлер. Балаңызбен бірнеше рет қауіпсіз жолмен жүріп көріңіз.

2. Басқа нәрселерге алаңдауға болмайтынын түсіндіріңіз (мысалы, ойын алаңында ойнау); маршрутты қысқарту және өзгерту (кешігіп қалсаңыз да)

3. МАҢЫЗДЫ!!! Баланың ұялы телефоны немесе смарт сағаты болса да, ата-аналардың біреуінің ұялы телефон нөмірін (немесе дұрысы екеуінің де нөмірін) жатқа БІЛГЕН жөн. Олар ең сәтсіз жағдайда қуаты өшіп, бұзылып немесе жоғалып қалуы мүмкін! Сондай-ақ үй мекен жайын және ата-анасының толық аты-жөнін білген абзал.

4. Қауіпті жағдай болса, балаңызға сіздің маршрутыңыз бойынша қандай қауіпсіз жерлерге барып көмек сұрауға болатынын көрсетіңіз.

5. Көмек алу үшін қай адамға жүгіну қауіпсіз екенін айтыңыз (күзетші, сатушы, әкімші).

6. Жол қозғалысы ережелерін қайталаңыз — бағдаршам немесе зебра өткелінде көшені кесіп өтіңіз.

7. «Ересектер ережесін» және «жоқ» тәжірибесін мезгіл-мезгіл жаттықтырыңыз.

!!! Осы ережелерді білу және сақтау бала үшін қауіпсіздік деңгейін және ата-ана үшін тыныштықты айтарлықтай арттырады.