Растрлық суреттерді өңдеу

“Инновация- нақты ғылымдар жетістігі” атты ИФМ бірлестігінің онкүндігі аясында информатика пәні мұғалімі А.А.Шамен 5 “В” сыныбында “Растрлық суреттерді өңдеу “ тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақта “Тарсия” әдісі, “Нейро желі” әдісін қолдана отырып, ұлттық құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, ата-бабадан қалған мәдени-мұраны заман талабына сай жаңғыртып, насихаттау қажеттігін цифрлық құрылғылар көмегін көрсете білді.
Сабақта цифрлық ресусртар және инновациялық әдістерді тиімді қолданды. Білім алушылар жеке, топтық тапсырмаларды белсенді орындады. “Роботты қуатта” әдісімен білім алушылар бағаланып, “Тик- ток “ әдісі арқылы кері байланыс алынды. Сабақ мақсатына жетті..