Аналар кеңесінің жұмысы. Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт жобасы. Отбасының өнегесі – сыйластық пен сүйіспеншілік

«Отбасының өнегесі – сыйластық пен сүйіспеншілік» атты қала мектептерінің ата-аналарына арналған тәлімдік – тәрбиелік іс – шара

Отбасы күніне орай және республикалық «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы аясында облыстық аналар кеңесінің және мектебіміздің ұйымдастыруымен  «Отбасының өнегесі – сыйластық пен сүйіспеншілік» тақырыбында ата-аналарға арналған тәлімдік-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: баланың рухани бай, адамгершілігі таза, дене жағынан сау тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауда мектеп пен отбасының күш-жігерін үйлестіру, тәрбие процесіндегі ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтардың рөлін арттыру. Шараға №30, №34, №36, №47, №48 қала мектептерінің және  мектебіміздің  ата-аналары қатысты. Іс-шараны мектеп директоры Ж. У. Терекова ашып, шараның мақсатымен таныстырды. Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Калиева Ж.Ш, аналар кеңесі жұмысының координаторы Р.С.Сергалина «Отбасы – тәрбиенің іргетасы» тақырыбында сөз сөйледі. «Бала – бақыт бастауы» тақырыбында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері М.Т.Жасжанова сөз алып, тренинг өткізді. «Әдістемелік кабинеті» КММ әдіскері А.С. Садыкова  «Тұлға. Қоғам, Отбасы» тақырыбында сөз сөйледі. Мектеп кітапханашысы Н. Жумагулова «Мәдениетті ана- мәдениетті ұлт»  тақырыбында баяндама жасады. Іс-шара барысында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында бастауыш класс оқушылары «Жеті лақ», «Бауырсақ» ертегілерімен қойылым көрсетті. Мектеп психологтары Баймишева А.М,  Мауениязова С.Б.  «Үйлесім» ата-аналарға арналған психологиялық клубы жұмысын қорытындылады. Мектеп өнерпаздары – домбырашылар  ансамблі,  оқушыларымыздың хор ұжымы және өнерлі әнші оқушыларымыз,  педагогтарымыз өз өнерлерін көрсетті. Шароа соңында мектепішілік «Әкелер» мен «Аналар» кеңесінің қолөнер сағатын және өркем еңбек пәні мұғалімі Г.М.Мурзалинованың сән көрсетілімін тамашалады.

 «Отбасының өнегесі – сыйластық пен сүйіспеншілік» атты қала мектептерінің ата-аналарына арналған тәлімдік – тәрбиелік іс – шара сценарийі

Өткізілетін күні:  17.05.2023 жыл

Өтетін орны: мәжіліс залы

Қатысушылар: №30, №34, №36, №47, №48, №40  мектеп ата-аналары

МЕКТЕП АНСАМБЛІНІҢ ОРЫНДАУЫНДА КҮЙ

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар  және ата-аналар!  Республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында облыстық Аналар кеңесінің және №40 ЖОББМ ұйымдастыруымен  «Отбасының өнегесі – сыйластық пен сүйіспеншілік» атты тәлімдік-тәрбиелік іс-шарасына қош келдіңіздер! Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны. Әке асқар тау, ана мөлдір бұлақ, бала жағасындағы құрақ дегендей, тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімі мен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Осындай игі істердің жаршысы болып, өз үлестерін қосып жүрген бүгінгі шарамыздың қонақтарымен  таныс болыңыздар:
1.Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы 
Калиева Жұмабике Шамшудинқызы

2.Ақтөбе  облыстық аналар кеңесі жұмысының  координаторы
Сергалина Рауза Сатымқызы

3.Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталық әдіскері
Жасжанова Медеухан Тобышевна 

4.Ақтөбе қалалық  «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері
Садыкова Айгуль Санкибаевна

5.«Бақытты отбасы»  орталығының мамандары
Канатбаева Алма Сапарова, Қансұлтанова  Гулмарал Баймуратқызы

Жүргізуші: Бүгінгі шарамыздың алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Терекова Жанар Утегуловнаға береміз.

Жүргізуші: Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Келесі сөз кезегін «Отбасы-тәрбие іргетасы»  Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Калиева Жұмабике Шамшудинқызы  және Ақтөбе  облыстық аналар кеңесі жұмысының  координаторы Сергалина Рауза Сатымқызына береміз.                   

Жүргізуші: Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталық әдіскері   Жасжанова Медеухан Тобышевна, сөз кезегі өзіңізде.

Жүргізуші: Отбасында көрген жақсы — жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тындырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол ниетпен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл — ауқаты жақсарады.  Ортаға «Бақытты отбасы» орталығының мамандары   Канатбаева Алма Сапаровна мен  Қансұлтанова  Гулмарал Баймуратқызын шақырамыз.

 «ӘДЕМІ АНА» ӘНІ    ОРЫНДАЙТЫН  БАСТАУЫШ КЛАСС ОҚУШЫСЫ АБДЕНОВА НҰРАЙЫМ    Жүргізуші: Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер, дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен косшылықты қажет етеді.   Экранға назар аударыңыздар.

«ОТБАСЫНЫҢ ӨНЕГЕСІ – СЫЙЛАСТЫҚ ПЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК» МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ,  ЕҢБЕК АРДАГЕЛЕРІ ӨМІРІНЕН БЕЙНЕБАЯН.

Жүргізуші: «Ертегілер әлеміне саяхат» бастауыш сынып оқушыларының қойылымын назарларыңызға ұсынамыз.

Жүргізуші: Келесі сөз кезегін «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» тақырыбында мектеп кітапханашысы Қуанова Рыскул  береміз.

 КІТАП  СЫЙЛАУ  ШАРАСЫ

МЕКТЕП «ТАҢШОЛПАН» ХОРЫНЫҢ ӘНІ

Жүргізуші: Отбасының әрбір мүшесі  береке – бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. «Әр отбасы-бір әлем»  психологиялық тренингіне кезек берелік.

 «ӘР ОТБАСЫ-БІР ӘЛЕМ»  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ. «ҮЙЛЕСІМ» АТА-АНАЛАР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БАЙМИШЕВА АЙНУР, МАУЕНИЯЗОВА САНДУГАШ

«ӘКЕ –АНА» ӘНІ ОРЫНДАЙТЫН МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ ТҰРАЛЫ МАРАЛБЕК

 «ӘКЕ КӨРГЕН ОҚУ ЖОНАР, ШЕШЕ КӨРГЕН ТОН ПІШЕР» ҚОЛӨНЕР САҒАТЫ  (Мектепішілік «Әкелер» және «Аналар» кеңесінің жұмысы)

«СӘН КӨРСЕТЕЛІМІ»

ҚОРЫТЫНДЫ.

«Отбасының өнегесі – сыйластық пен сүйіспеншілік» атты қала мектептерінің ата-аналарына арналған тәлімдік – тәрбиелік іс – шара қонақтары

Ақтөбе  облыстық аналар кеңесі жұмысының  координаторы Сергалина Рауза Сатымқызы

Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Калиева Жұмабике Шамшудинқызы

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталық әдіскері Жасжанова Медеухан Тобышевна

КІТАП  СЫЙЛАУ САҒАТЫ

Ертегілер әлеміне саяхат

«ӘКЕ КӨРГЕН ОҚУ ЖОНАР, ШЕШЕ КӨРГЕН ТОН ПІШЕР» ҚОЛӨНЕР САҒАТЫ (Мектепішілік «Әкелер» және «Аналар» кеңесінің жұмысы)

Сән көрсетілімі

№30, №34, №36, №47, №48, №40  мектеп ата-аналары