Үйлесім клубының жұмысы

Мектебімізде «Үйлесім» ата-аналар клубының алғашқы отырысы ұйымдастырылды. Клуб отырысының мақсаты: Ресми емес кездесу жағдайында ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімі мен іскерлігін көтере отырып, оларға практикалық педагогикалық – психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері: 

– Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық компетенттілігін көтеру;
– Жауапты ата-ана позициясын қалыптастыру;
– Өзіне, өз күшіне, өз мүмкіндіктеріне сенімділігін қалыптастыру;
– Баланы сәтті тәрбиелеу және дамыту үшін отбасында эмоциялық жағымды ахуал туғызу;
– Өзара өнімді іс-әрекет дағдысын қалыптастыру;

– Ата-анамен бала арасында өзара серіктестік қатынасын дамыту және орнату үшін жағдай жасау.
Клуб отырысының жүзеге асу ұзақтығы: тек оқу кезеңінде айына 1 рет отырыс өткізіледі. Клуб жұмысына қызығушылық танытқан ата-аналар клуб мүшесі болуға ұсыныстарын білдірді. Клуб жетекшілері: мектеп психологтері, Астана қаласындағы «Отбасы» институтының түлектері Баймишева Айнұр, Мауениязова Сандуғаш.