Мұғалімдердің еңбек өтілі Жас мамандармен жұмыс.

Мектепте жас мамандармен жұмыс ұйымдастырылған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығымен әр жылға жұмыс жоспары  құрылып, тәлімгерлер бекітілді. Тәлімгерлер жас мамандармен белгіленген жоспарға сәйкес сабақтарын өткізген. Жас мамандардың апталықтары ұйымдастырылды.  2022-2023  оқу жылында 6 жас маман жұмыс бастаған.. Жыл соңында бекітілген тәлімгерлер есеп беріп, жас маманның жұмыс барысын талқылап өтті.

Еңбек өтілі  бойынша

жылдармұғалімдер саны0-33-56-1011-1516-2020 жылдан жоғары
2020-202112114-11%15-12%20-16%15-12%17-14%40-33%
2021-202212610-07%16-12%22-17%19-15%18-14%41-32%
2022-202313512-06%18-13%17-12%26-19%14-10%48-36%

Мектеп ұжымының 36  пайызын еңбек өтілі 20 жылдан асқан тәжірибелі мамандар құрайды. Жас құрамы бойынша

жылдармұғалімдер саны25 жасқа дейін25-29 жас30-34  жас35-39 жас40-4445-4950-5455-5959 жоғарызейнеткер
2020-2021121239198242351001
2021-20221261217825182315800
2022-20231351019926182617640

Ұжым мүшелерінің орташа жасы 45 пен 49 арасында.

            Статистикалық талдау мынадай жағдайды белгіледі:

санаты жоқ мұғалімдер  мектепке жоғары оқу орнын бітіріп келген жас мұғалімдер, олардың іс-тәжірибесі мен жұмыстарының стилі әлі қалыптасу мен іздену деңгейінде; 

мұғалімдердің 17% іс – тәжірибелері 6 жылдан 10 жылға дейін және олардың біліктілік санаттары да модератор, сарапшы, зерттеуші санаттарын құрайды. Олардың жұмыс бойынша іс – тәжірибелері де жинақталып, жүйеленген.

Педагогикалық ұжымның 36% іс – тәжірибелері мол ұстаздар. Олардың педагогикалық саласындағы өтілдері 20 жылдан артық.

Педагогтарды кәсіби дамыту жүйесі мектептің білім беру моделінің қажеттілігіне беттелген және әр педагогтың кәсіби деңгейін жетілдіруге және жеке мүмкіншілігін дамытуға бағытталған.

Штаттық мұғалімдердің сапалық көрсеткіштерін талдай келе, педагог- зерттеуші, педагог- сарапшы және жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер пайыздық көрсеткішпен алғанда 59%  құрайды.    

Мектептің педагогикалық ұжымы өздерінің кәсіби шеберліктерін жетілдіру және біліктіліктерін көтеру мақсатында  жүйелі түрде әр түрлі деңгейдегі курстардан өтіп отырады. Олар:

Өрлеу БАҰАО  курстары, ПШО курстары,  Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының базасында педагогикалық қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін көтеру және қайта даярлау орталығы ұйымдастырып өткізетін курстар;

Облыстық ғылыми тәжірибелік  орталығы мен  Өрлеу БАҰАО  оқыту, жаттығу семинарлары мен тренингтері;

Қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми – практикалық конференциялар мен семинарлар;

Мектептің әдістемелік қызметі: жас маман мектебі, өзара сабаққа қатынасу, әдістемелік кеңестер мен апталықтар, дөңгелек үстелдер мен сұхбаттар, шебер кластар т.б.