«Инновация-нақты ғылымдар жетістігі» атты ИФМ бірлестігінің онкүндігі аясында информатика пәні мұғалімі А.Е.Жубатканова 7«А» сыныбында «Электронды кестелердің элементтерін форматтау» тақырыбында
ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Электрондық кесте құру және форматтау туралы теориялық және іс-тәжірибелік білімін тереңдете дамыту.
Сабақ барысында «Wordwall», «Kahoot», цифрлық ресурстар қолданылды.» ФИШБОУН»әдіс-тәсілін, жеке және топтық жұмыстарды білім алушылар қызығушылықпен орындады. Сабақ соңында Padlet онлайн виртуалды тақта арқылы рефлексия жасалды, сабақ өз мақсатына жетті.