«Инновация-нақты ғылымдар жетістігі» атты ИФМ бірлестігінің онкүндігі аясында математика-информатика пәні мұғалімі М.С.Есбусинова 5«Г» сыныбында «Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қоса және азайта алу. Оқушыларға ұлттық мүддеміздегі ұлттық мирасты, дәстүрді, мәдениетті дәріптеу. Сабақ барысында ұлттық ойындар арқылы бірнеше әдіс-тәсілдер керсетіліп, білім алушылар қызығушылықпен тапсырмаларды орындады. Сабақ өз мақсатына жетті.