Үйлесім ата-аналарға арналған психологиялық клубының ашылуы

Аналарға бала тәрбиесі жөніндегі кеңестер беріп, ой алмасу кеңістігін құру мақсатында мектепішілік «Үйлесім» ата-аналар қыркүйек айынан бер жұмыс жасауда. Клубтың салтанатты түрде ашылу рәсіміне  Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Калиева Жұмабике Шамшудинқызы, «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің иегері, медиатор Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы, «Дәстүр» мектебінің жеткшісі, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Бердібекова Лаура Қуантайқызы және Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталық әдіскері Жасжанова Медеухан Тобышевна  қатысты. Клубқа қызығушылық танытқан мектебіміздің 42 ата-анасы өз ойларымен бөлісті. Мектеп психологтары А.М. Баймишева және  С.Б. Мәуенизова ата-аналармен тренинг ұйымдастырды.