Ерекше білім беру қажеттілігі — бұл көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған түсінік. Себебі ерекше білім берудің принципіне қарар болсақ, әр оқушы жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назары аударылады. Мектебіміздегі ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың заңды өкілдерімен, мектеп директорының жалпыға бірдей білім беру ісі бойынша орынбасары, класс жетекшілері, мектеп психологі, логопед, педагог-ассистенттің қатысуымен педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу отырысы өтті. Әр оқушының білім алуда өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің (түйсік, қабылдау ойлау, сөйлеу және қатынас, қиыл, ес) даму деңгейі әртүрлі. Мектебімізде оқушылардың жекелік даму ерекшеліктері ескеріле отырып білім беріледі. Бүгінгі отырыстың мақсаты: оқу мен тәртіптегі қиындықтарды анықтау; баланың әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтау; ата-ананың көзінде баланың мәртебесін арттыру мақсатында жүргізілетін отбасылық оңалту; білім беру процесінің әр түрлі қатысушыларына практикалық ұсынымдарды әзірлеу.