«Инновация-нақты ғылымдар жетістігі» атты ИФМ бірлестігінің онкүндігі аясында математика пәні мұғалімі Сапарғали Мерует Сейтқалиқызы 6 «А» сыныбында «Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында білім алушылар «Білім аралына» жету үшін түрлі тапсырмалар орындады. «Чемодан»әдісі арқылы бағалау жүргізілді.
Сабақ соңында әр топ ұшақтарын аралға қондырып, өз әсерлерімен бөлісті. Сабақ өз мақсатына жетті.