20 қараша Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әлеуметтік педагог М.Е. Өтегенованың ұйымдастыруымен «Отбасым — бақыт мекені» тақырыбында қамқоршы Наримбетова Лаззат Аралбайқызымен кездесу өткізілді. Отбасының бала өміріндегі маңызы, ұлттық тәрбие құндылығы және бала құқығы туралы пікірталас болды. Әжесі немерелерімен жаңа үлгідегі ойынға қатысып, «Ең сүйікті» тренингін өткізді.Кездесу соңында кенже немересі Дінмұхаммед әжесіне өлең арнады. Ата-ананың аялы алақанын жоғалтпай, немерелеріне мейірімін шашып отырған осындай жанға алғысымыз шексіз!