Тәрбие сапалы болу үшін балаға мектептің, ата-ананың, қоғамның жан-жақты қамқорлығы қажет, себебі ұрпақ тәрбиесі болашағымыз үшін ең қымбат құндылық. ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша «Ұрпақ болашағы — тәрбие мен білімде» тақырыбында класс ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібі:
1. II тоқсанның қорытындысы
2. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын талдау (ата-аналардан заңсыз ақшалай қаражаттың жиналмауы туралы түсіндіру)
3.«Жасөспірімдер арасындағы суициальды мінез — құлықтың себептері және болдырмау жолдары» психолог кеңесі
4.Әр түрлі мәселелер