Мектебімізде «Үйлесім» ата-аналар клубының алғашқы отырысы ұйымдастырылды. Клуб отырысының мақсаты: Ресми емес кездесу жағдайында ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімі мен іскерлігін көтере отырып, оларға практикалық педагогикалық — психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері:
— Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық компетенттілігін көтеру;
— Жауапты ата-ана позициясын қалыптастыру;
— Өзіне, өз күшіне, өз мүмкіндіктеріне сенімділігін қалыптастыру;
— Баланы сәтті тәрбиелеу және дамыту үшін отбасында эмоциялық жағымды ахуал туғызу;
— Өзара өнімді іс-әрекет дағдысын қалыптастыру;
— Ата-анамен бала арасында өзара серіктестік қатынасын дамыту және орнату үшін жағдай жасау.
Клуб отырысының жүзеге асу ұзақтығы: тек оқу кезеңінде айына 1 рет отырыс өткізіледі. Клуб жұмысына қызығушылық танытқан ата-аналар клуб мүшесі болуға ұсыныстарын білдірді. Клуб жетекшілері: мектеп психологтері, Астана қаласындағы «Отбасы» институтының түлектері Баймишева Айнұр, Мауениязова Сандуғаш.