№ 40 жалпы орта білім беретін мектебінің әдістемелік жұмысының тақырыбы: «Оқу – тәрбие процесіне оқытудың тиімді технологияларын жүйелі түрде енгізуді жүзеге асыру»
Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты – мұғалімдер мен класс жетекшілеріне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты әдістемелік көмек көрсету.
Мектептегі әдістемелік жұмыстардың негізгі міндеттері:
· Мектептің педагогикалық ұжымы іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру, теориялық және педагогикалық-психологиялық даярлық деңгейін көтеру;
· Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
· Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
· Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу.
Мектепте 9 әдістемелік пән бірлестігі бар, олар:
- Бастауыш кластар әдістемелік бірлестігі
- Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі
- Орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі
- Шетел тілдері әдістемелік бірлестігі
- ИФМ әдістемелік бірлестігі
- Жаратылыстану әдістемелік бірлестігі
- Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігі
- Дене шынықтыру әдістемелік бірлестігі
- Тарих және қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігі